ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Францияға барады

16 Қыркүйек, 2013 18:56
ҚР Үкімет басшысы Серік Аметов жұмыс сапарымен Парижге барады. Бұл жөнінде «Қазмедиа» орталығында өткен дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«Үкімет Қазақстанда, елордамыз Астанада «ЕХРО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысып келеді. Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссарталес мырза тамыз айының басында жұмыс сапарымен елімізде болып қайтқан болатын. Осы сапар барысындағы кездесу кезінде Висенте Лоссарталес мырза ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовты жұмыс сапарымен Парижге шақырды. Осы ретте, Үкімет басшысы 19-20 қыркүйекте жұмыс сапарымен Парижге барады», - деді А.Әбибуллаев. 

Барлық жаңалықтар