- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуді тапсырды
Елбасы қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуді тапсырды
«Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің биылғы негізгі жұмыс қорытындылары мен қаржылық бақылау органының алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы баяндады», - делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев облыстардың, Астана мен Алматы қаласының ревизиялық комиссияларының жергілікті бюджеттердің атқарылу тиімділігін бағалау жөніндегі жұмыс қорытындыларымен, сондай-ақ республикалық бюджеттің өңірлерге трансферттер мен субвенциялар түрінде келіп түскен қаражаттарының жұмсалу жайымен танысты.
Мемлекет басшысы бюджеттік жоспарлау сапасын арттырудың, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін үйлестіруді күшейтудің, сондай-ақ бюджет қаражаттарының тиімді пайдаланылуын қатаң бақылаудың маңыздылығын айтты.
Қ.Жаңбыршин Есеп комитеті 2014 жылдың 8 айында 186 нысанда 16 бақылау-талдау шарасын жүргізгенін мәлімдеді. Анықталған құқық бұзушылықтың жалпы сомасы 1,2 есе өсіп, 342,3 миллиард теңгені, соның ішіндегі қаржылық құқық бұзушылықтар 168,6 миллиард теңгені құраған. 77 лауазымды тұлға түрлі дәрежедегі жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, Қ.Жаңбыршин республикалық бюджетті жоспарлау мен атқарудың жүйелі проблемалары туралы баяндады. Соның ішінде игерілмеген бюджет қаражатының көлемін анықтау әдістемесіндегі айырмашылықтар, сапасыз бюджеттік жоспарлауға тиісті жауапкершіліктің жоқтығы, мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының келісілмеуі атап өтілді. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор нысандарының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану деректері де бар.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіруге және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары