• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық делегат Мәскеуде өтетін Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге қатысады

Қазақстандық делегат Мәскеуде өтетін Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге қатысады

18 Қыркүйек, 2014 14:46
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана мен Мәскеу қалаларында өтетін шараларға қатысу үшін делегаттар құрылады,деп вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова Алматы облысына барған жұмыс сапарында мәлімдеді.

«Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралар жоспары дайындалды. Онда ҰОС ардагерлері мен мүгедектерін әлеуметтік қолдауға бағытталған шаралар бар», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана мен Мәскеу қалаларында өтетін шараларға қатысу үшін делегаттар құрылады

«Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған бірқатар шаралар жоспары дайындалған, кітаптардың тұсаукесерлері, білім беру ұйымдарындағы кештер, спектакльдер, театрлық қойылымдар, фестивальдер ұйымдастырылады. Мүгедектер мен ұйымдарды шешім қабылдауға тарту мақсатында Үкіметте арнайы үйлестіру кеңесі құрылды, оның құрамындағы 30 адамның 16-сы ҮЕҰ өкілі», - деді Г.Әбдіқалықова.

 

 

Барлық жаңалықтар