• Басты
  • Тұңғыш Президент Музейінде «Жапонияның сұлулық әлемі» көрмесі ашылады

Тұңғыш Президент Музейінде «Жапонияның сұлулық әлемі» көрмесі ашылады

18 Қыркүйек, 2014 19:11
2014 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде жапондық мәнерде орындайтын суретші Томоко Хоукёның «Жапонияның сұлулық әлемі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Музейдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстандағы Жапония елшілігімен бірлесе ұйымдастырылып отырған көрме көп жылғы табысты серіктестіктің тарихын жалғастырады.

Томоко Хоукё жапондық классикалық кескіндеменің ізбасары және дәстүрлі жапондық көркемөнер мектебінің мирасқоры болып табылады.                                           

Айта кетейік,   «Нихонга» кескіндемесі (оның дәлме-дәл аудармасы – жапондық кескіндеме) – бұл стильдер мен жанрларды кең көлемде қамтитын Жапонияның бейнелеу өнерінің ежелгі және таңдаулы түрлерінің бірі. Бүгінде, Жапонияда «Нихонга» сөзімен VIII ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі жазылған барлық ұлттық кескіндемені атайды.  

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар