Астанада «Жібек жолы» Халықаралық фестивалі ашылды

18 Қыркүйек, 2014 19:26
Астанада «Жібек жолы» Халықаралық фестивалі ашылды. Қазақстан, Италия, Франция, Қытай және Ресей балет және опера жұлдыздарының басын қосқан шара Елорданың «Астана Опера» театрының жаңа маусымына бастау салды.

«Халықаралық фестивальді «Ла Скала» итальяндық театрдың түпнұсқалық қойылымында көрсетілетін «Тоска» операсы ашты. Лука Ронконидің сарқылмас режиссерлық айласы жүзеге асқан операдағы басты рөлдерді итальяндық жұлдыздар Анна Пироцци, Массимо Джиордано мен Альберто Газале ойнайды», - деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.

Фестиваль аясында Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына С.Прокофьевтің балеті «Ромео мен Джульетта», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы, А.Хачатурянның «Спартак» балеті, «Аққулар көлі» балеті және Дж.Пуччинидің «Богема» операсы ұсынылады.

Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі фестиваль аясында Қытай мен Қазақстанның әйгілі театрлары – Абай атындағы Опера және балети мемлекеттік академиялық театры және Қытай ұлттық театрының гастрольдік сапары көзделген.

КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованый бенефисінде классикалық музыка өнерімен әуестенушілер шетелдік және отандық операларының үзінділері, халық әндері мен инструменталдық шығармалардың орындалуымен тамсану мүмкіндігіне ие болады.

Одан басқа, Орталық Азияда тұңғыш рет, әйгілі Марииндік театр «Астана Операның» сахнасында Р.Вагнердің «Нибелунг сақинасы» трилогиясынан «Рейн алтыны» мен «Валькирия» операраларын көрсетеді.

«Жібек жолы» фестивалін «Астана балет» ұжымының концерті және итальяндық операның қас шебері Витторио Григолоның қатысуымен өтетін мерекелік Гала концерт жабады.

 

Барлық жаңалықтар