- Басты
- Жаңалықтар
- Степногорде ТКШ жаңғырту аясында 13 үй жөнделді
Степногорде ТКШ жаңғырту аясында 13 үй жөнделді
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша Степногор қаласында 2011 жылдан бері 13 үйге жалпы құны 175,3 млн теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың мемлекетке қаражатты қайтару көрсеткіші 97%», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қаланың көпқабатты үйлерінің біріне барып құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталмыш үй ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жергілікті билік тарапынан қалпына келтірілуде.
Ұзақ уақыттан бері бос тұрған бұрынғы шағын отбасылық жатақхана күрделі жөндеуден өтіп, инженерлік желілер, жеделсаты жүйесі қалпына келтіріліп, кіреберістер ретке келтірілуде. Жертөлелерде автоматты жылу пункті орнатылуда.
Степногор қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі Сағындық Шабаровтың айтуынша, жобаның жалпы құны 90 млн теңге. «Базис-СТ» ЖШС фирмасы тоғыз қабатты тұрғын үйді жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жұмыстар келер айда аяқталады деп күтілуде.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту