- Басты
- Жаңалықтар
- Израильдік компания Көкшетауда жылу-электр орталығын салуға мүдделі
Израильдік компания Көкшетауда жылу-электр орталығын салуға мүдделі
«Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген мәжілісте Көкшетау қаласында салынатын жаңа жылу-электр орталығының жобасы талқыланып, техникалық және экологиялық мүмкіндіктері сарапқа салынды. Кездесуге облыс орталығында ЖЭО құрылысын жүргізуге ниетті «ALL ENERGY LTD»\ Israel компаниясы басшылары мен бірқатар облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ең алдымен, мәжіліске қатысушыларға «ALL ENERGY LTD»\ Israel компаниясының өкілдері облыс орталығында бүгінгі таңда экономикалық жағынан тиімді болатын ең арзан отын көзін қолданылатын бу қазандықтарын салу қажеттігін ұсынды.
Компания басшысы Амиель Валерийдің айтуынша, ЖЭО салынған кезде өңірдегі жылу энергиясына деген тапшылықты жоюға болады.
Жаңа ЖЭО 180 МВт электр және 450 Гкал/ч жылу қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Меймандар өздерінің осы аталған ЖЭО құрылысын жүргізуге ықылас танытып отырғанын жеткізіп, екі жақты меморандум жасауға шақырды.
Осы орайда, жобаға қатысты ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, қорытынды сөз алған облыс әкімі Сергей Кулагин нысанының ең басты экологиялық жағынан тиімді болуын алға тартты, сондай-ақ нақтылы бір шешім қабылдамастан бұрын, жобаның барлық нұсқаларын егжей-тегжейлі саралап барып, сосын ғана нақты бір тоқтамға келу жөніндегі кесімді пікірін айтты.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Елордадағы "ерекше" балалар "Ailand" орталығына тегін саяхаттады
-
Astana Hub Қазақстан мен ТМД-дағы IT-компаниялары арасында байқау жариялады. Талаптары қандай -
Astana Hub-тың қатысушы мәртебесін қалай алуға болады /қандай жеңілдіктері бар -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Ломбардтарға, онлайн-компанияларға және микроқаржы ұйымдарына тексеру жүруде -
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының қызметіне оң баға берілді -
Алматы облысының орталығын газдандыру жалғасуда