- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО мен Чехия өнеркәсіптік салада ынтымақтастық орнатады
ШҚО мен Чехия өнеркәсіптік салада ынтымақтастық орнатады
«Облыстың Чехия Республикасымен арадағы сыртқы сауда айналымы биылғы жылдың 7 айында 50 млн долларды құрап, 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,2 есеге өсті. Соның ішінде импорттың үлес салмағы едәуір артық. Чехия Республикасымен сыртқы сауда айналымы жалпы сауданың 3 пайызын құрайды. Сөзсіз, бұл көрсеткіш тым көп те емес. Алайда, алдағы уақытта үлкен белестер алынбақ», - дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Б.Сапарбаевтың айтуынша, 2012 жылы ШҚО әкімдігі мен Плхеньский өңірінің әкімшілігі арасында құрылған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім енді қарқынды жұмыс істей түспек.
«Қазақстанның соңғы уақытта өте қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл менің елге жасаған алғашқы сапарым. Осы өңірдің экономикалық әлеуеті мен Плзеньский өңірінің мүмкіндіктерін өзара бірлесе даму жолында пайдаланатын боламыз. Біз екіжақты ынтымақтастыққа өте мүдделі болып отырмыз», - дейді чех делегациясының басшысы гетман Вацлав Шлайз.
Айта кету керек, кездесу қорытындысы бойынша «Техстройинновация» ЖШС мен чехтың «Фридлантские стройирны» компаниясы арасында 8 950 000 млн еуролық құны бар келіссөзге қол қойылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады