- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазМұнайГаз» трансформациялау бағдарламасының жобасын таныстырды
«ҚазМұнайГаз» трансформациялау бағдарламасының жобасын таныстырды
«ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамында бірден-бір акционер –«Самұрық-Қазына» АҚ және компания директорлар Кеңесі мен Басқарма мүшелерінің қатысуымен жаңғырту мен трансформациялау Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті.«Қордың көптеген компаниялары қазірдің өзінде бәсекелестікке бейімделіп үлгерді, бірақ қаржыны қайтарып беру, инвестиция тиімділігі бойынша біз әлемдік көшбасшылардан біраз қалып келеміз. Бізге Қор мен еншілес компаниялардың барлық қызметін терең трансформациялау қажет. Біздің бүкіл іс-қимылымыз барлық компанияларымыздың құнын арттыруға бағытталуы тиіс»,- деп атап көрсетті Өмірзақ Шөкеев.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев ҚМГ-дағы трансформациялау бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті. Олар – барлау мен өндіру, қайта өңдеу, шетелдік активтерді басқару және корпоративтік орталық.
«Кеніштерді интеллектуальды түрде анықтау» жүйесін енгізу басты міндеті болып табылатын «Барлау және өндіру» бизнес-бағытына ерекше маңыз беріледі. «Барлау және өндіру» бизнес-бағытын трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде кеніштерден дәл және жүйелі мәліметтер алу, тиімді ақпарат алмасу, ақпараттар ағынын жинақтау және талдау оңтайлы жолға қойылып, басқару шешімін дұрыс қабылдауға мүмкіндік туады деп жоспарлануда.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары артты