- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда Қазақстан мен Беларусь елінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқыланды
Талдықорғанда Қазақстан мен Беларусь елінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқыланды
Отырыс барысында өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, машина жасау, көлік және коммуникация, ғарыш саласы, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы екіжақты сауда-экономикалық іс-әрекеттер мәселелері қаралды.
Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 2014-2015 жылдарға арналған Жол картасын орындаудың бірінші жылғы қорытындысы шығарылды. Отырыс барысында екі елдегі кәсіпкерлер тобының қатысуымен бизнес-форум өтті. Алматы облысы кәсіпкерлерінің азық-түлік көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ жекелеген өндірістік және ауыл шаруашылық нысандарына барды.
«Отырыста екі мемлекеттегі кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы алдағы уақытта негізінде жаңа шарттарда – 2014 жылғы мамырда Астана қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы туралы шарт аясында жүзеге асырылатын болады, ол 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді», - делінген хабарламада.
Отырыстың қорытынды құжатында жоғарыда аталған бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты белсендендіру және бекіту, біздің елде кәсіпкерлердің жаңа іскери байланыстарын орнату және бар іскери байланыстарды нығайту, сондай-ақ оған екі елдің жаңа өңірлерін тарту арқылы ынтымақтастықты кеңейту бойынша одан арғы қадамдар көзделді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды