• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер мен тәуекелдері талқыланды

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер мен тәуекелдері талқыланды

17 Қыркүйек, 2014 18:10
Мемлекет басшысының төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Отырыста әлем мен өңірдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі жағдайында Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер мен тәуекелдер талқыланып, олардың алдын алу шаралары пысықталды», - делінген хабарламада.

Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Олардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жүктелді. 

 

Барлық жаңалықтар