• Басты
  • Жаңалықтар
  • Барлық кәсіпкерлер мәселелерін шешу үшін ҰКП-ға баруы керек– Н.Радостовец (Брифинг бейнебаяны)

Барлық кәсіпкерлер мәселелерін шешу үшін ҰКП-ға баруы керек– Н.Радостовец (Брифинг бейнебаяны)

17 Қыркүйек, 2014 17:18
Барлық кәсіпкерлер мәселелерін шешу үшін ҰКП-ға баруы керек , деді «Тау-кен өндіруші және кен-металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кен-металлургия кешені комитетінің төрағасы Николай Радостовец ОКҚ брифингінде.

«Бүгінде жағдай күрделі. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақстанға ішкі факторлар әсер етуде. Мен барлық кәсіпкерлерді өз проблемаларын шешу үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінулерін сұраймын», - деді ол.

Оның айтуынша, өз сұрақтарына нақты жауап алған соң өз ұсыныстарын Үкіметке бағыттаған жөн.Өз кезегінде, олар барлық мәселенің шешімін табады.

«Аталмыш сұрақтарды талқылағаннан кейін, Үкіметке барып ұсыныс айту қажет. Үкімет қазір барлық мәселені шешуге әзір», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар