- Басты
- Жаңалықтар
- Азия даму банкі Алматыда ШОБ-ті дамытуға мүдделі
Азия даму банкі Алматыда ШОБ-ті дамытуға мүдделі
«Кездесуде тараптар сараптамалық мәліметтер алмасу, гранттар бөлу мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ойларын ортаға салып, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Соның ішінде инфрақұрылымды дамыту, қаланың алдағы уақыттағы қаржылық-банкілік секторының реформасы және шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету қажеттілігі, сонымен қатар материалдық-техникалық қаматамасыз ету мәселелері көтерілді», - деп хабарлайды кәсіпкерлер палатасы.
Палата директоры Артур Котеновтың айтуынша, кәсіпкерлер палатасы бүгінгі таңда кәсіпкерлер мен олардың мәселелері туралы ақпарат беруге дайын.
«АДБ мақсаты – Азия және Қиыр шығыс өңірлеріндегі экономикалық өсімге ықпал ету, сонымен қатар өңірлердегі дамушы мүше мемлекеттердің экономикалық өрлеуі процесін жеделдету. Біз Қазақстанның ең ірі қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қаржылық қолдау көрсету мақсатымен жиналып отырмыз. Соның ішінде бюджеттік жүйені нығайтып, қаржылық нарықтың дамуын ынталандырып, жеке секторға қолайлы жағдай жасауымыз керек», - дейді АДБ жоспарлау және саясат саласының аға экономисі Сафдар Парвез.
Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар қаланың қаржы жүйесін дамытудағы ендігі қадамдар туралы пікір алмасып, өзара ынтымақтастық құруға сөз байласты. Азия даму банкінің өкілі қаланың дамуына көмек беретініне дайын екендігін айтып, соның ішінде энергетика, индустрияландыру, қаржы нарығын дамыту және ШОБ-ті дамытуға мүдделі екендіктерін білдірді.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты