- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы-Дубай әуе қатынасы туристік байланысты нығайтатын болады- А. Есімов
Алматы-Дубай әуе қатынасы туристік байланысты нығайтатын болады- А. Есімов
Мегаполис басшысы Алматы мен Біріккен Араб Эмираты арасындағы экономикалық байланыстың жақсы екендігін атап өтті. Қала мен БАЭ арасындағы сыртқы саудадағы тауар айналымы 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге өсіп, 45,1 млн. АҚШ долларын құраған. Алматыда 22 біріккен кәсіпорын және БАЭ қаржысымен жұмыс істейтін 79 кәсіпорын тіркелген.
«Кеше біз екі қала арасында жиі қатынайтын авиабағыттың ашылуының тұсаукесеріне қатыстық. Бұл қатынас экономикалық және туристік байланысты нығайтатын болады», - деді Ахметжан Есімов.
Алматы басшысы қаланың Евразиялық экономикалық одақ пен «Жібек жолының» қаржы орталығы екендігін жеткізді. Бұдан өзге қалада исламдық қаржыландыру хабы да болады. Сонымен қатар Алматы – әлемдік спорт пен туризм орталығы. Қала еліміздің туристік қызметінің 60%-ын қамтамасыз етеді.
Биыл Алматы ТМД-ның мәдени және Исламдық ұйымның білім, ғылым, мәдениет жөніндегі астанасы атанды.
Ахметжан Есімов екі жақты байланыс визасыз режимді енгізуге ықпал еткендігін айтты. Биылғы жылдың 8 айы ішінде статискалық мәлімет бойынша БАЭ-на 50 мыңға жуық қазақстандық барыпты.
"Алматы - Дубай тікелей авиабағыттының ашылуы туристер алмасуға оң ықпалын тигізеді. Дубайға транзитті бағытпен баратындардың 65 пайызы- алматылықтар. Жаңа бағыттың ашылуы олардың санын еселей түспек. Бұрындары Дубайға бару Шарджи және Абу-Даби әуежайлары арқылы жүзеге асатын. Жаңа бағыттың ашылуы Алматы мен Дубай арасындағы қарым- қанынасты бұрынғыдан да нығайта түспек", - делінген хабарламада.
Шара соңында екі тарап бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты және екі қала арасындағы бауырластықты орнату үшін келісім Жобасын жасау қажет деп шешті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады