- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Еуразия» Х халықаралық фестивалі ашылды
Алматыда «Еуразия» Х халықаралық фестивалі ашылды
««Еуразия» Халықаралық кинофестивалі – Кинопродюсерлер ассоциацияларының халықаралық федерациясы (FIAPF) мойындаған Орталық Азияның бірден бір фестивалі және жыл сайын шығатын «International Film Guide» британдық ақпараттық жиынтықтың пікірінше әлемнің 35 жетекші кинофестивальдар тізіміне кіреді», - делінген хабарламада.
Биылғы кинофестивальға қатысу үшін 180-нен астам өтініш түскен болатын, алайда олардың тек 12-сі ғана байқаудың негізгі бағдарламасына ілікті. Фестивальға Қазақстан атынан режиссер Ермек Шынарбаевтың Жерар Депардьемен бірігіп түсірген «Дала дауысы» атты «Қазақфильм» АҚ-ның кинолентасы қатысады.
Әділқазылар алқасының құрамы 63-ші Венециалық ХКФ «Алтын арыстан» жүлдесінің иегері, қытайлық режиссер, сценарийші Цзя Чжанке, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, отандық кино өндірістің хас шебері Асанәлі Әшімов, Кореяның әйгілі режиссеры, 60-шы Венециалық ХКФ «Күміс арыстан» жүлдесінің иегері Ли Чан Дон, танымал неміс режиссеры Андреас Дрезден және Белоруссияның жетекші әртісі әрі режиссеры Ольга Дыховичная секілді кино өнерінің көрнекті қайраткерлерінен тұрады.
Кинофестиваль 20 қыркүйекте жабылып, байқау жеңімпаздарының тізімі 19-шы қыркүйекте жария етіледі. Негізгі байқаудан басқа, фестиваль аясында «Шәкен Аймановтың 100-жылдығына», «Қазақ «жаңа толқынының» 30-жылдығы», «Шығыс-Батыс кинокөпірі», «Қысқа метражды кино түні», «Бүгінгі корей киносы», ««Шәкен жұлдыздары» ХКФ ұсынады», «Ерекше оқиға» мен «Екпінді қазақ киносы» дәстүрлі бағдарламалары секілді байқаудан тыс шаралар ұйымдастырылады.
Жылдың ең жарқын кино оқиғасының ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақфильм» АҚ және Алматы қаласының әкімдігі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері