• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда маусым-қыркүйек айларында 105 нысан жекешелендіріледі - Қаржы министрлігі

Қазақстанда маусым-қыркүйек айларында 105 нысан жекешелендіріледі - Қаржы министрлігі

17 Қыркүйек, 2014 13:32
Сату кестесіне сай Қазақстанда маусым-қыркүйек айлары аралығында 105 нысанды жекешелендіру жоспарланған.

Биылғы жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, жекешелендірудің екінші толқыны аясында 86 нысан саудаға шығарылып, 44 нысан сатылды. Соның ішінде 1 республикалық меншіктегі нысан,  ӘКК қосқанда 35 коммуналдық меншіктегі  нысан және  Холдингтердің 8 нысаны, деп хабарлайды Қаржы министрлігі.

«Сату кестесінің республикалық меншік бойынша маусым-қыркүйек айларында 8 нысан сату жоспарланған. Оған тағы 3 нысан қосылып, жалпы саны 11 нысан сатылымға шығарылды. Соның бүгінге дейін тек 1-еуі сатылды. Ал тағы 4 нысанға сатып алу өтініші түспегендіктен саудадан шығарылып тасталды. Тағы бір нысан сатылмайтын болып шешіліп, тағы екі нысан бойынша мүліктік сатып алу құқығына сай сату-сатып алу келісімі құрылады. Тағы 3 нысан қыркүйек ішінде сатылмақ», - делінген хабарламада.

Коммуналдық меншік бойынша осы уақыт аралығында кесте арқылы сегіз өңірде сатылып бекітілді. Олар Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Астана және Алматы қалалары. Коммуналдық меншіктің жалпы сатылымға шығарылатын саны 36. Сонымен қатар, өңір әкімдері тарапынан қосымша 12 нысан қойылды. Сату мерзімі әлі бекітілмеген. Осылайша жалпы саны 48 нысан қойылып, оның қазіргі таңда 17-сі жеке меншікке өтті.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары бойынша маусым-қыркүйек аралығында бес ӘӘК сатылымы орындалған. Олар: «Ақтөбе» ӘКК, «Ертіс» ӘКК, «Орал» ӘКК, «Тобыл» ӘКК, «Алматы» ӘКК. Жоспарланған нысандардың жалпы саны 26-ға жетіп, қазіргі таңда 19-ы сатылымға шықты. Соның 18-і өз иелерін тапты.

«2014 жылдың сатылым кестесіне сай, ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша сатылатын нысандардың жалпы саны маусым-қыркүйек аралығында 35-ті құрады. Соның қазіргі таңда сатылымға қойылғаны- 8. Соның барлығы қазірде жеке меншікке өткізілді», - делінген хабарламада

Барлық жаңалықтар