- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық компаниялар ҚР көміртек нарығын дамыту семинарына қатысуда
Қазақстандық компаниялар ҚР көміртек нарығын дамыту семинарына қатысуда
2012 жылдан бері Қазақстанда парниктік газ эмиссиясын төмендетудің нарықтық қалдықтар саудасының ұлттық жүйесі жұмыс істей бастады. Бүгінде қалдықтар жеңілдігінің саудасы әлемдегі қаржы құралдарының бір бөлігіне айналды. Жеңілдік саудасының негізгі идеясы энергиятасушылардың тұтынуын қысқарту мен энергияүнемдегіш технологияларды енгізуде экономикалық ынталандыру болып табылады.
Қазақстанда көмірқышқыл газының қалдықтары жеңілдігін саудалау мүмкіндігі 2012 жылы бекітілген парниктік газ қалдықтары мен көміртектес бірліктер жеңілдігінің сауда ережесімен реттеледі. Алайда, жеңілдіктердің нақты саудасы биылғы жылдың наурыз айында басталды. Онда «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ алаңында алғашқы сауда өтті. Алғашқы сауда сараптамасы отандық кәсіпкерліктердің жеңілдіктер саудасы мен осының арқасында ашылып жатқан мүмкіндіктерді пайдалануда шорқақтықтығын байқатты.
Осы орайда Қазақстанда көміртік нарығының ары қарай қызмет етуі мәселесін талқылау үшін үш күндік семинар тренинг өтуде.
«Шараның басты мақсаты – көміртек саудасына қатысу бойынша кәсіпкерліктер әлеуетін арттыру. Бұл Еуропалық өңір мен АҚШ-та ерекше қарқынды дамыған жаңа бағыт. Оның басты мақсаты қоршаған ортаға қалдық тастауды азайту, климат өзгерісі мәселелері, атмосфераға парниктік газ қалдықтарының тасталуы, осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тиісінше халықтың денсаулық жағдайы мен өмір сүру қауіпсізді болып табылады», - дейді «Жасыл Академия» ғылыми-оқыту орталығы директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы жасыл экономика кеңесінің мүшесі Бақыт Есекина.
Семинарға мемлекеттік органдар, ұлттық және халықаралық қаржы институттары мен биржалық қауымдастық, бизнес секторы өкілдері мен кеңес берушілер, сарапшылар қатысты.
Қатысушылар ҚР көміртек нарығын реттеудің нормативті-құқықтық мәселелеріндегі ұлттық экономиканы карбонсыздандырудың басым бағыттарын талқылап, ЕО пен АҚШ-тың көміртек нарығын реттеу тәжірибесін қарастырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі