2014 жылы Астанада жеке тұрғын үйдің үлесі артты

17 Қыркүйек, 2014 12:08
Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 687302 шаршы метр 5735 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2013 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 23,9%-ға жоғары.

«2014 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 73867,1 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-тамыз айларының  деңгейінен 122,6% жоғары.  Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 21,0%-ды құрады», - деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.  

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 687302  шаршы метр 5735 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2013 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 23,9%-ға жоғары.

 Жеке салушылармен жалпы ауданы 40660 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2013 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне - 72,1%. Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үйдің үлесі 2013 жылғы қаңтар-тамыздағы 10,2%-ға қарағанда 5,9%-ды құрады.

Елордада 2014 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метр құрылысының орташа нақты құны 142,7 мың теңгені (2013 жылғы қаңтар-тамызда - 98,8 мың теңге), ал пайдалы ауданының 1 шаршы метр құрылысының орташа нақты құны 200,3 мың теңгені (2013 жылғы қаңтар-тамызда - 130,1 мың теңге), оның ішінде жеке салушылардың  салғаны 66,0 мың теңгені құрады.

Барлық жаңалықтар