• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында ЖҚЖК бойынша 2 инвестжобаны іске асыру 2016 жылы аяқталады – әкімдік

Қарағанды облысында ЖҚЖК бойынша 2 инвестжобаны іске асыру 2016 жылы аяқталады – әкімдік

17 Қыркүйек, 2014 11:52
Индустрияландыру картасына енгізілген екі жобаны іске асыру жайы Қарағанды облысындағы инвестициялық қызмет комитетінің отырысында қаралды.

Оның біріншісі – «Сау тағамдар» ЖШС етті бағыттағы құс фабрикасы құрылысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылындағы «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС базасында іске асырылып жатыр. Құс фабрикасының жобалық қуаттылығы жылына 5 мың тонна ет бройлерін құрайды. 180 жұмыс орнын ашатын жобаның құны 2 млрд теңге.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жобаға тиісті инфрақұрылымды жүргізу үшін 590 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда мұнда төрт өндірістік құс қорасы салынып, бесіншісінің монтажы жасалып жатыр. Толық көлемде лизинг пен барлық қажетті технологиялық құрылғылар және метал құрылымдары алынды. 2016 жылы жобалық қуаттылыққа жетеді деп күтілуде», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Сонымен қатар, 2016 жылға жобалық қуаттылыққа жетумен қатар екінші жобаны іске асыру жоспарланған. Ол Саран қаласында «Геополимер» ЖШС цементтің арнайы маркасы өндірісінің зауыты. Кәсіпкерліктің жобалық қуаттылығы жылына 105 мың тонна өнімді құрайды. Бұл өз кезегінде облыстың барлық құрылыс ұйымдарының қажеттілігін өтеуге мүмкіндік бермек.  

Қазіргі таңда технологиялық құрылғы бойынша өндірістік алаң құрылғылары мен монтаж жұмыстары жүргізілген. Соның ішінде шикізатты түсіру мен кептіру, химиялық құрамдарын араластыру жұмыстары орындалды. Енді өзіндік шағын станция жөнделіп, энергожеліге қосу жұмыстары жүргізілуде.

«Отырыс қорытындысында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аталмыш жобалардың орындалу барысын қадағалауды тапсырып, өнеркәсіп және индустриялды-инновациялық даму басқармасына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен бірлесіп «Геополимер» ЖШС цемент зауытын шикізатпен қамтамасыз етуді тапсырды», - деп хабарлайды әкімдік.

Барлық жаңалықтар