Қазақстандықтар 5,7 млрд теңгенің мүлігін жария етуге мүдделі

17 Қыркүйек, 2014 10:46
Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияларға 2014 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР аумағындағы мүлікті жария етуге жалпы сомасы 5 728,1 млн.теңгеге 976 өтініш келіп түскен.

«2014 жылдың 15 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жалпы сомасы 5 478 млн. теңгеге 1053 жылжымайтын мүлік объектісі, сомасы 250,4 млн.теңгеге заңды тұлғалардағы 8 қатысудың үлесін құрады», - делінген хабарламада.

Жария ету жөніндегі акцияның алғашқы 15 күні ішінде ең көбі Алматы қаласынан – жалпы сомасы 3690876 мың теңгеге 367 өтініш түскен. Азаматтардың белсенділігі бойынша екінші орында Қостанай облысы бойынша мүлікті жария етуге жалпы сомасы 44315 мың теңгеге 107 өтініш түскен. Үшінші орында Алматы облысы жалпы сомасы  476160 мың теңгеге 96 өтініш түскен. Мүлікті жария етуге ең аз өтініш Маңғыстау облысынан 1 ғана өтініш түскен.

2014 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР аумағынан тыс жердегі мүлікті жария етуге салық органдарына өтініш түспеген.

ҚР Ұлттық Банкі есебінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктерде 2014 жылғы 12 қыркүйектегі жағдай бойынша ақшаны жария етуге жалпы сомасы 170 млн.теңгеге 2 жинақ шоты ашылған.

Барлық жаңалықтар