Эстонияда қазақ киносының күндері өтті

17 Қыркүйек, 2014 19:47
Таллиндағы ҚР Консулдығының ұйымдастыруымен Эстониядағы қазақ киносының күндері шеңберінде төрт күн ішінде фильм көрсетілімдері өтті.

«Таллиндағы «Артис» кинотеатрында эстондық көрермендерге соңғы жылдары Қазақстанда түсірілген түрлі жанрдағы фильмдердің бағдарламасы ұсынылды», - деп хабарлады СІМ.

Шара «Киношок» кинофестивалінің басты жүлдесіне ие болған, Э.Хэмингуэйдің «Шал және теңіз» аңызының өзіндік оқу болып табылатын режиссер Е.Тұрсыновтың «Шал» фильмімен ашылды. Сонымен қатар, көрермендердің назарына біздің мемлекет басшымыздың естелігінің сарынымен түсірілген «Елбасы жолы» киноэпопеясынан «Темір тау»/ «Жалынды өзен» дилогиясы ұсынылды. Фильмді рольдердің бірін сомдаған атақты актриса Наталья Орынбасарова таныстырды. Осыған қоса, фильм түсірілімдері Эстониядағы Хаапсалу курорт қалашығында да өткендігін атап өтуге болады.

Сонымен бірге, С.Құрманбековтың «Кеш келген махаббат» драмасы, Ф.Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» арт-хаустық өзінше түсіндіру бойынша Д.Өмірбаевтың «Студент» фильмі, А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала», «костюмдірілген» көріністі картинасы, сондай-ақ, бірінші ұлттық толық метражды «Ер Төстік» анимациялық фильмі көрермендердің үлкен ықыласына бөленді.

Барлық күндері кинотеатр залдарының толық болу, аталған оқиғаға арналған БАҚ-тағы комментарийлер мен оң пікірлердің жариялану фактілері қазақ киносына эстондық көрермендердің қызығушылық танытқандығын көрсетеді. 

Барлық жаңалықтар