ЕЭК бизнес-инновациялық орталықтардың еуразиялық желісін құруды ұсынады

17 Қыркүйек, 2014 09:16
Еуразиялық экономикалық комиссия «Болашақтың инвестициясы» атты 2014 жылғы үшінші Халықаралық бизнес-саммиті аясында «Аумақты дамытудың қозғаушы күші ретіндегі технопарк» конференциясында бизнес-инновациялық орталықтардың еуразиялық желісін құруды ұсынады.

«ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті өкілдерінің айтуынша, технопарктер мен бизнес-инкубаторларды дамыту саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басты идеяларының бірі ретінде Еуроодақ тәжірибесінің баламасы іспетті бизнес-инновациялық орталықтардың еуразиялық желісін құру мүмкін. Технопарктер мен бизнес-инкубаторлар инновациялық саладағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық кооперациясы мен іс-қимылын тереңдетуге арналған тиімді құрал болуы мүмкін. Сонымен қатар, құрылғы құрылысы, машинақұрылысы мен инжиниринг және нано, һәм биотехнологиялар саласындағы АТ мен ғаламтор жобаларын іске асыру кезінде тиімді ынтымақтастық орнатылмақ, деп мәлімдеді ЕЭК өкілдері», - деп хабарлайды ЕЭК ресми порталы.

Конференцияға мемлекеттік билік органдары, технопарк, ЖОО, кәсіпкерлік қауымдастық пен Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің ұлттық даму институттарының өкілдері қатысты. Шараға қатысушылардың айтуынша, технопарктер, бизнес-инкубациялар мен олардың резиденттер ЕАЭО аясындағы бірлескен инновациялық жобаларды іске асыруға арналған базаға айналуы мүмкін. Қазіргі таңда технопарктер мен ЕЭК бизнес-инкубация резиденттерінің көпшілігі кооперациялық байланыстар құрып, мүше мемлекеттер технопарктер арасында бизнес миссиясын құру жұмыстарын жүргізеді.

Бизнес конференцияның қорытындысы бойынша, ЕАЭО аясында индустриялды технопарк пен бизнес инкубациясын дамыту саласында ұлттық даму институттары және қауымдастықтар арасында ынтымақтастық туралы келісімді мақсатты түрде дайындау келісіміне қол жеткізілді.

Барлық жаңалықтар