Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайы Съезінің XII отырысы

25 Қыркүйек, 2013 15:34
25 қыркүйек күні Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі дін құрылтайының V Съезі өтеді. Бұл туралы ОКҚ отырысында Парламент Сенаты баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі Талғат Жұмағұлов мәлімдеді.

 «Өздеріңізге мәлім, осы жылы Әлемдік және дәстүрлі дін жетекшілерінің Съезіне 10 жыл толып отыр. 10 жыл ішінде съез үлкен даму жолын бастан кешірді. Егер бірінші съезге 13 делегация қатысса, 4-ші жиында олардың саны 85-ке жетті», - деді ол.

Жұмағұлов атап өткендей, Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері съезінің мерекелік шарасы 25 қыркүйек күні Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өтеді.

 «Күн тәртібінің бірінші жартысында Съез Хатшылығының 12-ші отырысы өтеді, одан кейін «Жаһандану диалогында Астаналық дінаралық  форумның маңызы. Хатшылықтың 12-ші отырысында 2012 жылы мамырда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің өтуі жайлы қатысушылар пікірі» атты дінаралық конференция өтеді, - деп қосты ол.

Күн тәртібінде Съез Хатшылығының халықаралық құрылымдармен қарым-қатынасының ынтымақтастығы жайлы пікір алмасу қарастырылған. Сонымен қатар, 2015 жылы өтетін V Съездің ұйымдастырушылық сұрақтары мен ұсыныстары қарастырылды. 

Барлық жаңалықтар