• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкіметте жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуын жақсарту мәселесі талқыланды

Үкіметте жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуын жақсарту мәселесі талқыланды

16 Қыркүйек, 2014 16:48
Бүгін Үкімет отырысында жер қойнауын пайдаланушылар мен ірі кәсіпкерліктердің сатып алу жүйесін жақсарту мәселесі талқыланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР инвестиция және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылар мен ірі кәсіпкерліктер бойынша сатып алу жүйесі жалпы орнатылған, ол бірнеше элементтен тұрады.

Отырысқа қатысушылардың қол жеткізген нәтижелерінің бірі ұзақмерзімді сатып алу жоспарларын хабарландыру мен жариялау және Қазақстанда электронды тәртіппен байқау өткізу.

«Байқаулар негізінен шетелдерде жүргізілді. Қазақстандық тасымалдаушылардың көпшілігі осынау байқауларға қатыса алмай қалып жатты», - дейді ол.

Вице-министр бірнеше элементті жаңғырту туралы айтты.

«Мұнда белгілі бір деңгейде қиындықтар бар. Ең арзан бағамен сатылып алынғанда жоғары технологиялық ішкі өндірісті дамытуға серпін бермейді», - дейді Сағадиев.

Өзгертілуі тиіс екінші элемент жергілікті қамту көлемінің ережесі.

«Осы мәселелер бойынша біз өзіміздің ұсынысымызды жеткіздік. Енді бір ай ішінде осыны мемлекеттік орган, нарық қатысушыларының келісіміне беріп, Үкіметке ұсыну қажет», - дейді.

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар