- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы рұқсат қағаздарын тағы 50%-ға қысқартатын заң жобасы әзірленеді – Құсайынов
2015 жылы рұқсат қағаздарын тағы 50%-ға қысқартатын заң жобасы әзірленеді – Құсайынов
«2015 жылдың бірінші маусымында рұқсат қағаздарын тағы 50%-ға қысқартуды қарастыратын заң жобасы әзірленеді. Сонымен қатар, бүгін Үкіметте құрылысқа рұқсат беруді қысқарту мәселесі қаралды», - дейді вице-министр.
Оның айтуынша, Үкімет рұқсаттама санын қысқарту мен азайту жұмыстарын жалғастыра түспек.
«Жыл соңына дейін «Өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы» заң жобасы әзірленбек. Тиісінше осы ұйымдар құрылатын салаларда қосымша тағы да рұқсаттар қысқартылатын болады», - дейді М.Құсайынов.
Айта кету керек, Үкіметте инвестициялық климатты жақсарту мәселелерін қарау аясында қазіргі таңда берілетін рұқсаттамалар мен лицензиялардың жалпы санын қысқарту мәселесі қаралды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұған дейін екі кезеңде лицензиялар мен рұқсаттар саны азайтылған болатын. 2011 жылы анықталған 1015 рұқсаттың 348-і, 2012 жылы 1096 рұқсат қағазының 297-і қысқартылды. Биылғы жылы мамыр айында «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң қабылданды. Заңда бірыңғай рұқсаттар тізімі айқындалды, ол 708 рұқсат пен 28 хабарламадан тұрады. Енді жаңа рұқсаттарды енгізу үшін міндетті түрде осы заңға өзгерістер енгізу қажет», - деді ол.
Индира Қауметова
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері