• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елдің экономикалық соттарында кәсіпкерлер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілуде

Елдің экономикалық соттарында кәсіпкерлер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілуде

16 Қыркүйек, 2014 18:46
Республиканың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында бизнес субъектілері арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілуде.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекелестікке қабілеттіліктің жаhандық индексі рейтингінде сот билігінің тәуелсіздігі индексін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) іске асыру шеңберінде республиканың барлық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында сот процесінің қатысушылары - бизнес субъектілерін сот қызметінің ұйымдастырылуы және сот төрелігін жүзеге асырудың қанағаттандыру деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сұрау салу жүргізілуде», - деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Іс-шара ағымдағы жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында жүргізіліп, қорытындысы 2015 жылдың қаңтарында шығарылады. 

Барлық жаңалықтар