• Басты
  • «Спорт пен дене шынықтыру - денсаулық кепілі»
20 Тамыз, 2013 00:00

«Спорт пен дене шынықтыру - денсаулық кепілі»

«Спорт пен дене шынықтыру - денсаулық кепілі» | Strategy2050.kz
  • Жүргізуші

    - Сәлеметсіздер ме, құрметті пайдаланушылар! Бүгін эфирде онлайн-конференция. Бүгін студиямызда Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов. Сәлеметсіз бе, Ерлан Тоқтарханұлы! Студиямызға келгеніңіз үшін рахмет.

    - Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылға қарай спортпен белсенді айналысатын халықтың саны 30 пайызға жетуі тиіс. Аталмыш бағытта агенттік қандай жұмыстар атқарып жатқандығын айтып берсеңіз.

  • Қожағапанов Е.Т. - Статистикалық есептіліктің мәліметтеріне сәйкес, 2007 жылы дене шынықтырумен және спортпен айналысқан Қазақстан халқының саны 15 пайызды құраған болатын, 2012 жылдың нәтижесі бойынша аталмыш сан 21,6 пайыз болды. Елбасы дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысатындардың санын 2020 жылға қарай 30 пайызға жеткізу туралы нақты тапсырма қойды. Қазіргі уақытта әкімдіктермен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп балаларға арналған аулалық клубтардың желісін және спорттық секцияларды кеңейту, әрбір мектепте өзінің спорттық клубын құру бойынша шаралар қолға алынуда. Мектептік лига жарыстарын ұйымдастырудамыз. Бірқатар депутаттардың бастамасы бойынша «Барсиада» үлкен спорттық лиганы ұйымдастыру үстіндеміз. Басты назар спорттық резервтің негізі болып табылатын студенттік спортқа аударылып отыр. Мұндай шаралар Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыруға мүмкіндік беретін болады.
  • Жүргізуші - Айтып өткеніңіздей, бүгінде қазақстандықтардың саны айтарлықтай арта түсуде. Сәйкесінше, спорттық нысандарға деген сұраныс та ұлғаюда. Қазақстандықтарға өздерін жақсы күйде ұстап тұру қаншалықты маңызды?
  • Қожағапанов Е.Т. - Өкінішке қарай, бүгінгі күні біз спорттық нысандардың қолжетімсіздігі емес, олардың тапшылығы туралы айтуға мәжбүрміз. Егер елдің әрбір тұрғынына шаққандағы шаршы метрлер туралы айтатын болсақ, бүгінде спорттық нысандардың 8 мың шаршы метр өткір тапшылығы байқалуда. Біз Үкімет отырысында шалғайдағы кеңшарларға, аудандар мен кенттерге спорттық-сауықтыру кешендерін салу қажеттігі туралы баяндадық. Мектептерге спорт залдарын салу қазжет, себебі 7,5 мың орта мектептің тек 5 мыңында ғана мұндай залдар бар. Бұл міндетті дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін мектептерге жапсарлатып салу арқылы шешетін боламыз. Сондай-ақ «Концессиялар туралы» жаңа заңға сәйкес мемлекеттік-жеке меншік әріптестік и нститутын дамытатын боламыз, аудандарда тұратын демеушілерді, инвесторларды тартып, оларды бұл аудандарда спорттық нысандар мен өзге де әлеуметтік нысандарды салуға шақырамыз.
  • Жүргізуші - Жоспарлар ауқымды, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылар жетпей қалуы да ықтимал. Бұл проблема қалай шешілетін болады?
  • Қожағапанов Е.Т. - «Концессиялар туралы» жаңа заңның аясында өздерінің аудандары мен ауылдарында спорттық-сауықтыру кешендерін салу үшін инвесторларды, меценаттар мен бизнесмендерді тартатын боламыз. Себебі, Президент мұндай спорттық инфрақұрылымдарды салу туралы міндетті бизнесмендердің алдына нақты жүктеген болатын.
  • Жүргізуші - Бүгінгі күні паралимпиалық және ұлттық ойындардың ахуалы қандай?
  • Қожағапанов Е.Т. - Лондонда өткен соңғы паралимпиалық жарыстарда біздің спортшыларымыз көптеген лицензиялар жеңіп алды және тұңғыш рет алдыңғы ондыққа енді. Ұлттық ойындар бойынша да спортшыларымыз түрлі додаларға қатысуда. 2012 жылдың нәтижесі бойынша олар 200-ге жуық медальді еншіледі, сондай-ақ паралимпиашыларда 200-ден астам медальді қанжығаларына байлады.
  • Жүргізуші - Артықшылықтар мен кемшіліктер туралы айтып өттіңіз, агенттік бүгінде жұмыс атқарып жатқан өзге де проблемалы мәселелер бар ма?
  • Қожағапанов Е.Т. - Біздің жетістіктеріміз өте көп, бірақ бірқатар проблемаларымыз да бар. Басты түйіткіліміз – мектептердегі спорттық секциялар. Бүгінде спорттық секцияларға оқушылардың 27 пайызы тартылған, әлемде бұл сан 80 пайызға жуықтайды. Дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдеріне қосымша сабақтар үшін еңбекақы төлеуде түйіткілдер бар. Біз базалық лауазымдық еңбекақыдан 45 пайыз төлеп отырмыз. Өткізілген тексеру аталмыш төлемнің сәйкессіздігін анықтады. Бұл туралы Үкіметке баяндадық және қолдау алдық. Аталмыш төлемдерді 100 пайызға жеткізу және барлық дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдерін бұл төлеммен қамту туралы тиісті тапсырмалар жүктелді. Келесі бағыт – бұл президенттік тестілер. Оларды пысықтап, өзгерістер енгізудеміз, кейбір мектептер үшін ілкі жобаны қабылдаудамыз. Кейін оларды ел бойынша енгізетін боламыз.
  • Жүргізуші - Мектептерге президенттік тестілерді енгізу қай уақыттан басталады?
  • Қожағапанов Е.Т. - Президенттік тестілерді жыл соңына дейін қабылдап, келесі жылдың басынан бастап енгізуді жоспарлаудамыз. Аталмыш тестілерді өткізу қорытындысы бойынша бізде көңіл көншітпейтін жағдай анықталды. Оқушылардың небәрі 3 пайызы ғана тестілердің президенттік деңгейін тапсыра алды, 3,5 пайызы тестілеудің ұлттық деңгейінен өтті. Оқушылардың дені бұл тестілерді тапсыра алмады, бұл әскерге шақырылған кезде көрініс береді. 10 шақырылушының тек 6-ауы ғана жарамды болып табылады. Бұл, біздің балаларымыздың спорттан алшақтығының белгісі. Сондай-ақ проблеманы дене шынықтыру сабақтарының санын 2-3 сағатқа арттыру арқылы да шешуді жоспарлап отырмыз. Мысалға, Канадада ұстаз баламен неғұрлым көп айналысса, соғұрлым көп сағат алады. Бізде бұл жоқ, бірақ біз соған ұмтылатын боламыз.
  • Жүргізуші - Спорттық резерв туралы айтатын болсақ. Бүгінде назарды ел намысын қорғап жүрген спортшыларға ғана емес, келешекте спортшы болатындарға да аудару қажет. Бұл мәселеге қатысты не айта аласыз?
  • Қожағапанов Е.Т. - Біз жоғары санаттағы спортшыларды даярлауда алғашқы табалдырық болып табылатын - балалар-жасөспірімдер мектептеріне үлкен маңыз беріп отырмыз. Балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің мақсаты спорттық санатты дайындау ғана емес, сондай-ақ жас атлеттердің шеберлігін арттыру, бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Бүгінгі күні республикада 418 балалар-жасөспірімдер мектебі жұмыс істейді. Және өкінішке қарай, соңғы үш жылда олардың саны ешбір өзгерген жоқ. Бұл, балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің жергілікті деңгейі шешілмей жатыр, ал олардың саны сол күйінде қалып отыр дегенді айтады. Үкімет балалар-жасөспірімдер мектептерінің санын арттыру туралы әкімдіктерге нақты тапсырма берді. Агенттік өз тарапынан аталмыш мәселе жан-жақты шешілуі үшін қолғабыс ететін болады. Бұқаралық спортты дамыту жолдарының бірі ауылдар мен аудандарда спорттан жаттықтырушылардың санын арттыру болып табылады. Өкінішке қарай, олардың саны да нормаға сәйкес келмейді. Бұл мәселені де Үкімет отырысында көтеріп, толық қолдауға ие болдық. Себебі, біздің резервтеріміз дәл сол жақтан өсетін болады. Әлем, азия ойындарының 75 пайыз жеңімпаздары – бұл ауылдан шыққан жастар. Және біз бұл үрдісті қолдап, белсенді дамытуымыз қажет. Бүгінде спортта жетістікке жетуді қалаған адамдар базаны көруі қажет, және мемлекет бұл базаны ұсынуы тиіс. Мұнымен белсенді айналысудамыз. Агенттіктің үлкен міндеті - адамдар далаға шыққан кезде мектеп ауласында, қала сыртында (велосипед жолағы) дене шынықтырумен, спортпен айналысудың барлық мүмкіндіктерін көруі тиіс. Мұның бәрімен біз қамтамасыз етуіміз қажет, адамдар тартыла бастайды. Бүгінде мәселе жоғары бағаларда емес, шаршы метрлердің тапшылығында тұр.
  • Жүргізуші - Ауылдағы спорт тақырыбына келсек. Агенттік қандай жұмыстар атқаруда және ауылдарда спортты дамыту үшін бағдарлама бар ма?
  • Қожағапанов Е.Т. - Ауыл спортын дамыту өте күрделі мәселе. Бұл маңызды бағыт, себебі 70 пайыз чемпиондарымыз негізді ауыл спортынан алды. Сондықтан агенттік ауыл спортын насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Алғашқы рет жасөспірімдердің ауыл ойындары өткізілді, оның бағдарламасына спорттың 15 түрі енді. 2013 жылы ауыл спортын дамытумен байланысты тағы бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру көзделуде. Олар жасөспірімдердің қысқы ауыл спартакиадасы, баскетбол, волейбол және футболдан жарыстар. Кезеңдердің бірі ауыл округтеріндегі білім беру мекемелерінде өткізілетін болады. Сондай-ақ футболдан «Былғары доп» ауыл ойындарын жаңғыртатын боламыз. Мектеп жасындағы балалар үшін «Барсиада» өткізіледі.
  • Жүргізуші - Және соңғы сұрақ: Сочидегі Олимпиадаға дейін бір жылдан аз уақыт қалды. Біздің мүмкіндіктерімізді қалай бағалайсыз және қазақстандық құрама Олимпиада ойындарында өнер көрсетуге қаншалықты даяр?
  • Қожағапанов Е.Т. - Сочидегі Олимпиадаға 40 лицензия алуды жоспарлап отырмыз. Ванкувердегі Олимпиададан кейін тиісті сұрыптаулар жасалды. Бүгінде спортшыларды Сочидегі Олимпиадаға дайындау үстіндеміз. Құрамамыздың үміттерін білесіздер. Агенттіктің алдында біздің команданы Сочидегі ойындарға даярлау және оларға қолдау білдіру міндеті тұр. Біздің барлық спортшыларымыз штаттық режімде дайындалу үстінде: біреулері сыртта, біреулері өз алаңымызда. Кең ауқымды жұмыстар атқарылуда. Үміттер бар. Медальдар бойынша айтсақ, Ванкуверде бір күміс олжаладық. Сочиде бұл көрсеткішті жақсартып, екі медаль алуға ниеттіміз.
  • Жүргізуші - Ерлан Тоқтарханұлы, конференциямызға қатысқаныңыз үшін үлкен рахмет!

     

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды