• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 10 қыркүйекке дейін 43 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 10 қыркүйекке дейін 43 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

16 Қыркүйек, 2014 18:03
2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру аясында 10 қыркүйекке дейін 43 нысан сатылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

Соның ішінде 1-еуі республикалық меншік нысаны, 16 коммуналдық меншік пен 26 мемлекеттік холдинг және ӘКК нысандары.

Бәсекелестік негізде сатылған 16 нысанның ішінде 9-ы бәссауда арқылы, ал 7-еуі тендер бойынша жекенің қолына өткен. Ал 27 нысан ЖШС қатысушыларының иелену құқығы бойынша алынды.

«Сауда қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 12 млн теңге түссе, облыстық бюджетке 154 млн теңгеден астам қаражат түсті. Холдингтер 921 млн теңге беріп, ӘКК 251 млн теңге аударды. Сатылымның жалпы сомасы шамамен 1 399 млн теңге», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бәсекелестік негізде сатылған 16 нысанның 8-і Мемлекеттік мүлік реестрі порталы арқылы электронды форматта сатылды. Нысандарды 23 жеке тұлға, 17 заңды тұлға, 1 резидент емес және 2 жеке кәсіпкер сатып алды.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, сатылған нысандар негізінен қызмет көрсету және ауыл шаруашылығына тиесілі (тиісінше 14 және 10), ал, өндірістік кәсіпкерліктер саны -7.

Барлық жаңалықтар