- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы: Құқық қорғау жүйесіндегі реформалар қылмыстың азаюына септігін тигізеді
Елбасы: Құқық қорғау жүйесіндегі реформалар қылмыстың азаюына септігін тигізеді
«Кездесу барысында А.Дауылбаев елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, Мемлекет басшысының азаматтар құқықтары мен бостандықтарын, кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесінде таяуда болған өзгерістердің маңыздылығына тоқтала келіп, олар елдегі қылмыстылықтың азаюына септігін тигізетінін айтты.
«Қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстерінің жаңа редакцияда қабылдануына байланысты тіркелетін қылмыстар саны артты, бұл жалпы қылмыстық ахуалды байыптауға оң әсерін тигізді. Барлық, тіпті ұсақ құқық бұзушылық та тіркелуге тиіс. Бұл жазадан құтылмау қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жазаның айып салу, бірақ міндетті түрде бостандығынан айырмау секілді қаржылық түрлеріне ден қойған жөн. Осының бәрі қылмыстылық деңгейін төмендетуге және азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бас прокурор құқық қорғау органдарында азаматтар арыздарының 93 пайызы үш күндік мерзім ішінде қарала бастағанын айтты. Сонымен қатар, барлық қылмыстарды 100 пайыз тіркеу қамтамасыз етілген. Елдегі жалпы қылмыс деңгейі 5,7 пайызға төмендеді, бұл ретте аса ауыр қылмыстар саны 21 пайызға, ауыр қылмыстар 22 пайызға азайған.
Сондай-ақ А.Дауылбаев Қазақстан Президентін азаматтардың еңбек құқықтарының, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары мүдделерінің қорғалуы, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, сот өндірісіне дейінгі объективтілікті және тиімділікті қамтамасыз ету жөніндегі прокуратура органдары жұмысының нәтижелері туралы хабардар етті.
Бұдан бөлек, Бас прокурор бюджетті толықтыру және пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында қолданылып жатқан шаралар турасында әңгімеледі.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті бұдан әрі нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті күшейтуге, мемлекет пен қоғам мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық проблемасы -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында