Алматыда қала күні дәстүрлі алма фестивалі өтеді

16 Қыркүйек, 2014 19:26
Алматыда 21 қыркүйек қала күнінде дәстүрлі қалалық «Apple Fest» алма фестивалі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігі.

Биылғы жылы алма базарына 50 тоннадан астам алманың түрлі сорттары әкелінеді.

«Фестиваль ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябағында өткізіледі. Саябақ 8 интерактивті алаңқайға бөлінеді деп жоспарланған. Олар: Apple Music, Apple базары, Apple Драйв, Apple Art, Apple Family, Appie Dance, Apple Karaoke, Try&Feel. Мерекелік думанның қонақтарын қызықты концерттік бағдарлама күтуде: арт-көрмелер, атпен серуендеу, жәрмеңкелер, балаларға арналған аттракциондар», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар