- Басты
- Жаңалықтар
- 500-ден астам алматылық кәсіпкер бизнесті жүргізу бойынша тегін кеңес алды
500-ден астам алматылық кәсіпкер бизнесті жүргізу бойынша тегін кеңес алды
Артур Котеневтың айтуынша, биылғы жылдың мамыр айында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы 29 компаниядан 47 өтініш қабылдап, шағын және орта бизнес субъектілеріне тегін қызмет көрсету бойынша 7 сервистік компанияны іріктеп алды. Келісімді құрғаннан бастап 1 қыркүйекке дейін 561 кәсіпкерге тегін қызмет көрсетіліп, жоспарланған көрсеткіштің 51 пайызына қол жеткізілді. Айта кетерлігі, сервистік компания жұмысын Өңірлік палата республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейтін болады.
«2014 жылы Алматы қалалық ШОБ кәсіпкерліктеріне сервистік қызмет көрсетуге 209 млн 492 мың теңге бөлінді. Оларға 1100 ШОБ субъектісіне қызмет көрсету міндеті жүктелді», - дейді Артур Котенев.
Жоба аясында биылғы жылдың маусым айынан бастап Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтары базасында «бір терезе» қағидасы бойынша сервистік қызмет көрсетіледі. Барлық қызметтер қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сонымен қатар, сервистік компания кеңселері мен Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы ғимараттарында оқыту шаралары мен жекелеген кеңес берулер ұйымдасырылады.
«Тактика» компаниясының директоры Натальи Махноның айтуынша, АТ қызметі бойынша сервистік қолдау аясында кәсіпкерлер өз компанияларына тегін сайт дайындап, «1С бухгалтерия» бағдарламасын орната алады.
«Біз домен тіркеуге және интернет ресурстарына хостинг ұйымдастыруға көмек береміз. Өз сайттары бар кәсіпкерлерге сайттарын жетілдіру мен ілгерілету қызметтерін ұсынамыз. Менің ойымша, осынау тегін қызметті барлық компаниялар пайдаланып қалуы керек», - дейді Наталья Махно.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды