Семейде 8 ай ішінде 80,2 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді

16 Қыркүйек, 2014 15:19
Семейде 2014 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 80,2 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Физикалық көлем индексі 95,7% құрады.

Қала әкімі Айбек Кәрімовтың айтуынша, кен өндірісі өнеркәсібінде өнім көлемі 7,9 млрд теңгеге жетіп, физикалық көлем индексі 90,1% құрады.

Өңдеуші өнеркәсіпте болса, оның айтуынша, биылғы жылдың 8 айында  62,1 млрд теңгенің өнімі шығарылып, физикалық көлем индексі 97,4% жеткен.

«ШОБ секторын дамытуға келер болсақ, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 1035-ті құрап, өткен жылғы көрсеткіштің 97,5%-ы деңгейінде болған», - дейді әкім.

Барлық жаңалықтар