- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында Хасановтар отбасы 6 асыранды баланы тәрбиелеуде
Атырау облысында Хасановтар отбасы 6 асыранды баланы тәрбиелеуде
«Ерлі-зайыптылар облыс орталығындағы «Ақбота» балалар үйіне келеді. О баста бір бала алуды жоспарлапты. Әрі қызына серік болады, әрі бағуға да оңай. Сөйтіп, көздері түсіп, көңілдеріне жаққан баланы қаласа, ол жалғыз емес болып шықты. Төрт ағайынды екен. Азамат, Айжан, Альфия және Азат есімді бүлдіршіндер. Бір отбасының балалары. Екеуі төртеуін де жетелеп, үйге алып келді. Шағын отбасы бір-ақ сәтте көпбалалы шаңыраққа айналды», - деп хабарлады облыс әкімдігінде.
Содан араға он шақты жыл салып Қалы тағы ойға қалды. Балалар есейді, өз қолдары өз аузына жетті. Қазір қолғанат болып жүр. Ендеше, бұларға тағы да іні-қарындас сыйласа қайтеді?. Әсіресе, Қалының көз алдынан балалар үйінде жанарлары жәудіреп, әке-шешесн күткен сәбилер кетпей қойды. Содан былтыр қалаға келіп, Ерасыл мен Бәтиманы алып қайтты.
Міне, қазір осы балалар бір шаңырақ астында тәрбие алып, қанаттанып жатыр. Олардың татулығын, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық танытуын ауылдастары жыр етіп айтады.
«Біздің байлығымыз осылар. «Осы балаларымның бәрін тәрбиелеп, ұлды ұяға қондырып, қызды қияға ұшырсам деймін. Солардан өрбіген немере-жиендерімді бір иіскесем, арманым да болмас еді», - деп Асылбек Хасанов ағынан жарылды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды