ШЫҰ саммитінде трансқұрлық автотасымалын дамыту келісіміне қол қойылды

16 Қыркүйек, 2014 11:43
Бішкекте өткен ШЫҰ саммитінде халықаралық автомобиль тасымалына қолайлы жағдай жасау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ШЫҰ жұмысы жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев.

ШЫҰ-ға  мүше мемлекеттердің  құзіретті органдарының өкілдері өңір елдері арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін халықаралық автомобиль тасымалына қолайлы жағдай жасау туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.  

«Осы келісім аясында алты халықаралық дәліз арқылы автомобиль тасымалына арналған ШЫҰ мүшелері өкілдері мен әр елдің жеңілдігін қарайтын бірлескен комиссия құру жоспарлануда», - дейді Ш.Нұрышев.

Сонымен қатар, ҚР СІМ Айрықша  тапсырмалар бойынша елшісі халықаралық ұйым жұмысының басты бағыттарын атап көрсетті.

«ШЫҰ саясат, қауіпсіздік саласы мен экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық бойынша жұмыс істейтін көпфункционалды ұйым болып табылады», - дейді елші.

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар