• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев ШЫҰ-дағы шекаралық мәселелер туралы келісімге қол қою қажеттілігін айтты – Нұрышев

Н.Назарбаев ШЫҰ-дағы шекаралық мәселелер туралы келісімге қол қою қажеттілігін айтты – Нұрышев

16 Қыркүйек, 2014 11:06
Президент ШЫҰ-дағы шекаралық мәселелер бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы шекара маңайындағы сенім шараларын нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШЫҰ қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Шахрат Нұрышев.

«Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ аясындағы Су комитеті мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін құру туралы бұрындары да көтерілген қазақстандық бастамаларды қарауды жаңарту қажеттілігін айтты», - дейді Ш.Нұрышев.  

Оның айтуынша, саммитте ынтымақтастықтың әр саласына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

«2013 жылғы Бішкек саммитінен кейін өткен ШЫҰ қызметінің негізгі нәтижелері ортаға тасталып, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды», - дейді ол.

Ш.Нұрышевтың пікірінше, ҚР Президенті шекарадағы шешілмеген мәселелерге көңіл аудару қажеттілігін алға тартты.

«Елбасы ШЫҰ-дағы шекаралық мәселелер бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы шекара маңайындағы сенім шараларын нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар