• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШЫҰ саммиті геосаяси өзгерістер жағдайында саяси маңызды мәнге ие болды – Нұрышев (Брифинг бейнебаяны)

ШЫҰ саммиті геосаяси өзгерістер жағдайында саяси маңызды мәнге ие болды – Нұрышев (Брифинг бейнебаяны)

16 Қыркүйек, 2014 10:51
11-12 қыркүйек аралығында Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысы өтті. Қазақстандық делегатты Елбасы Н. Назарбаев бастап барды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстан Республикасының ШЫҰ жұмысы жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ Айырықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Шахрат Нұрышев мәлімдеді.

«Саммитке мүше-мемлекеттермен қоса ШЫҰ бақылаушы елдерінің (Ауғанстан, Иран,Үндістан,Монғолия мен Пәкістан) Елбасылары қатысты», - деді Ш. Нұрышев.

Ол атап өткендей, кеңесте Ауғанстан, Украина және ирандық ядролық бағдарлама жөнінде әңгіме өрбіді.

«ШЫҰ саммиті геосаяси өзгерістер жағдайында саяси маңызды  мәнге ие болды. Қатысушылар Ауғанстан, Украина, ирандық ядролық бағдарлама жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, ШЫҰ даму әлеуеті мен жағдайы, жаңа мүшелерді қабылдау, халықаралық бірлестіктермен қарым-қатынас орнату сынды мәселелер де назардан тыс қалмады», - деді ол.

Айта кетерлігі, саммит барысында Мемлекет басшылары Украинада бейбіт өмірдің қалыптасуы мен дағдарыстың аяқталуын қалады.

Оның айтуынша, саммитте Ауғанстандағы сайлаудың жеделтетіліп аяқталғанын айтты, ол ауған халқын тыныштандырып, оған қолдау көрсетер еді.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар