- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында 2,1 млрд теңгелік мыс өндіретін зауыт ашылды
Павлодар облысында 2,1 млрд теңгелік мыс өндіретін зауыт ашылды
16 Қыркүйек, 2014 11:38
ҮИИД МБ Индустрияландыру картасы аясында қолданысқа берілген мыс өндіретін «Eurasia Copper Operating» ЖШС зауытының ашылу рәсімі өтті. Жобаны іске асыруға 2,1 млрд. теңге инвестиция тартылған.
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, зауыттың жобалық қуаты – жылына 3 мың тонна катодты мыс. Өнім бес миллиметр табақ түрінде шығарылып, елдің ішкі нарығында сатылатын болады. Бір тонна мыстың құны шамамен 7000-7250 АҚШ доллар тұрады. Кәсіпорында 140 жұмыс орны құрылған. Мыс жергілікті кен орнында өндіріледі.
Жалпы, Павлодар облысында 94 жоба іске асырылуда, олардың 58-і жұмыс істеп тұр. Бес мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 242 млрд. теңге инвестиция салынған, жаңа өндіріс орындары облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 5,5 пайызын өндірген.
Аталмыш бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында 2020 жылға дейін инвсетиция көлемі 868 млрд. теңге болатын 23 жоба мен тағы 5 мың жұмыс орнын құруға босалқы дайындама әзірленген.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары