- Басты
- «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең басты мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын арттыру
«Қазақстан-2050» Стратегиясының ең басты мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын арттыру

«Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді», - делінген Елбасы құттықтауында.
«Отбасы күні» осы ұлағатты мұраларымызды нығайтып, жұбайлық өмірдің жауапкершілігі мен балаларға, аға буынға ұдайы қамқор болудың маңыздылығын жастардың жадына сіңіре бермек», - дейді.
Елбасының айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең басты мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын арттыру.
«Бүгінгі таңда біздің ортақ табыстарымыздың арқасында әлеуметтік төлемдер артып, отандық білім берудің деңгейі өсіп келеді. Денсаулық сақтау саласына ең жаңа технологиялар енгізіліп, индустриялық-инновациялық жобалар аясында барлық жерлерде жаңа жұмыс орындары ашылуда», - делінген құттықтауда.
Біздің ең басты жетістіктеріміздің бірі – жалпықазақстандық бірліктің теңдессіз институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты жұмысы.
17 миллион қазақстандық – ортақ күш жігерімен биік мақсаттарға ұмтылған біздің мемлекетіміздің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін біртұтас отбасы.
«Менің өкіміммен биыл тұңғыш рет «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізілуде. Еліміздің барлық өңірлерінде ең үздік отбасылар іріктелді. Олар барша отандастарымызға, бірінші кезекте, енді шаңырақ көтеретін жастарға шынайы үлгі-өнеге.Мереке күні әрбір қазақстандық отбасына зор денсаулық, береке-бірлік пен ынтымақ тілеймін», - делінген хабарламада.
-
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты"
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты кітап жарық көрді
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі

