• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2050 жылға қарсы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 4,5 есеге өседі – Тоқаев

Қазақстанда 2050 жылға қарсы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 4,5 есеге өседі – Тоқаев

15 Қыркүйек, 2014 17:03
2050 Стратегиясы жүзеге асуының негізгі мақсаттарының бірі - 2050 жылға таман жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемін 4,5 есеге жеткізу. Бұл туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясы және оның халықаралық бірлестіктегі рөлі тақырыбына арналған дөңгелек үстелде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Мақсатқа жету жолында 2050 жылға таман жан басына шақандағы ЖІӨ-ні 4,5 есеге жеткізу қажет, яғни 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін көбейту. Сондай-ақ,ЖІӨ тең жартысын өндіретін  орта таптың санын көбейту жоспарланған», - деді ол.

Оның айтуынша, 2050 жылға қарсы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетеді. 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі  міндеті «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. Қазақстандық қоғамның дамуы мен гүлденуіне бағытталған ұлттық идея.

«Біз Қазақстанды әлемнің қолайлы әрі қауіпсіз еліне айналдыру үшін жұмыс істеудеміз. Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты құндылықтары – халықтың бірлігі, қоғамның тұрақтылығы, ұлтаралық келісім мен елдің тұрақты дамуы», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар