ҚР Қарулы Күштерінің авиапаркі С-295 ұшағымен толықты

15 Қыркүйек, 2014 17:41
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық паркі С-295 ұшағымен толықты.

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, пайдаланылуға берілген күннен бастап аталған ұшақ түрлері «Дала қыраны», Бейбіт миссия», «Өзара іс-қимыл», «Ашық аспан» халықаралық жаттығуларына қатысты.

Қазіргі кезде бұл ұшақтар әскерлерді тасымалдау, жас ұшқыштар құрамын үйрету үшін пайдаланылуда.

«Испанияның «Airbus Militari» концернінде әзірленген С-295  ұшағын ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің әскери ұшқыштары полковник Рүстем Тілеумағамбетов пен капитан Бауыржан Бисебаев басқарып келді. Авиаторлар испанияның Севильи қаласында теориялық және практикалық оқып-үйренудің толық курсынан өтті», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар