- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне өтуде – Қ. Тоқаев (ФОТО)
Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне өтуде – Қ. Тоқаев (ФОТО)
15 Қыркүйек, 2014 15:57
Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін қарқынды дамып жатқан елдердің бірі. Бұл туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясы және оның халықаралық бірлестіктегі рөлі тақырыбына арналған дөңгелек үстелде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Қазір Қазақстан сапалы даму деңгейіне өтуде, бұл дегеніміз барлық елдің жаңғыртылуына саяды. Мұндай мақсатты міндет біздің еліміздің осыған дейін бағындырған жетістіктерінің жалғасы болып есептеледі», - деді Сенат төрағасы.
Сондай-ақ, Қ. Тоқаев біздің ел халықаралық дағдарыс кезеңінде тұрақталықты сақтап қалғанын атап өтті.
«Соңғы 13 жыл ішінде Қазақстан экономиканың жоғары өсіміне ие, ол әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. 2007-2009 жылдары әлемдік дағдарыс кезінде де Қазақстан заманауи реформалар мен дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында тұрақтылығын сақтап қалды», - деді ол.
Сондай-ақ, Сенат төрағасы 2014 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 5 пайызды құрағандығын айтып өтті.
Индира Қауметова
Суретті түсірген Азамат Әлиев
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда