• Басты
  • Бразилияда Қазақстанның халық әртісі А. Мұсаходжаеваның кеші өтуде

Бразилияда Қазақстанның халық әртісі А. Мұсаходжаеваның кеші өтуде

15 Қыркүйек, 2014 19:23
2014 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және ҚР және Бразилия Мәдениет министрліктері мен басқа да мемлекеттік ведомстволарының қолдауымен, екі мемлекеттің мәдениет саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту әлемге әйгілі қазақ скрипкашысы, ҚР халық әртісі Айман Мусаходжаеваның Бразилиядағы концерттері басталды, деп ҚР СІМ-де хабарлады.

Концерттер Бразилияның Сан-Пауло, Бразилиа, Рио-де-Жанейро сияқты ірі қалаларында, Сан-Пауло қаласының әйгілі «Касильда Бекер» (Casilda Becker) және «Десио де Альмейда Прадо» (Decio de Almeida Prado) театрларында өтті.

Айман Мусахаджаеваның бұл гастрольдері 19 және 21 қыркүйек кезеңдеріңде Рио-де-Жанейро қаласының әйгілі «Леопольдо Мигеса» және «Петрополис» Император музейіндегі концерттерімен аяқталады.

Барлық жаңалықтар