- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы түрік инвесторлары ОҚО-да бахил жасайтын зауыт ашуды жоспарлауда
2015 жылы түрік инвесторлары ОҚО-да бахил жасайтын зауыт ашуды жоспарлауда
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, шетелдік кәсіпкерлердің өңірімізге келуіңің басты мақсаттарының бірі – оңтүстік өңірінің кәсіпкерлерімен бахил және бахил кигізетін құрылғы шығару бойынша біріккен кәсіпорын ашу.
«Жуырда Түркияға сіздердің өңірден облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бастаған кәсіп иелерінен құралған бір топ делегация келген. Сол кездің өзінде осы өңірде жобаны іске асыру мүмкіндігін талқылаған болатынбыз. Келіссөздер барысында болашақ зауыттың құрылысын «Оңтүстік» индустриалдық аймағында жасау ұсынылды. Енді, осы келгенімізде біз айтылған жерді өз көзімізбен көрдік. Ол аймақта жасалған барлық қолайлы жағдайлар көңілімізден шықты. 2015 жылы зауыт құрылысын оңтүстікқазақстандық кәсіпорынмен бірлесіп жүзеге асыратын болдық», - деді Толга Хыдыроглу - «Т&Т» компаниясы басқармасының төрағасы.
Оның айтуынша, жаңа кәсіпорында шығарылытын өнім тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, Түркия нарығын да қамтамасыз ететін болады. Өндіріс қуаттылығы айына 4 миллион дана бахилді құрайды.
Жобаны шетелдік компаниямен біріге іске асыратын оңтүстікқазақстандық кәсіпорын – «ЖилСтрой индустрия» компаниясы. Зауыттың іске қосылуы 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Жұмысшылар жаңа кәсіпорында қолданылатын жаңа технологияларды игеру мақсатында Түркия мен Ирландия елдерінде арнайы оқудан өтетін болады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша өңірімізде инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен жаңа технологиялар тартумен айналысатын «Шымкент инновация» ЖШС мен «Т&Т» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Түрік тұтастығының темірқазығы (2-бөлім) -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Түрік тұтастығының темірқазығы (1-бөлім) -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Абай жылының айшықты тұстары -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі