- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде «Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қаруға қарсы әлемнің көшбасшысы» көрмесі ашылды
Семейде «Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қаруға қарсы әлемнің көшбасшысы» көрмесі ашылды
«Шара тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Президенті мұрағатының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылардың барлық қажетті құжаттар мен бейне, фото деректерді жинауына бір жыл уақыт кеткен. Шараға ҚР Президентінің мұрағаты, ҚР Президентінің телерадиокорпорациясы, ҚР Ұлттық мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Орталық кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мемлекеттік мұрағаты, ШҚО мемлекеттік мұрағаты мен Семей қаласындағы ШҚО жаңа тарихты құжаттау орталығы ат салысты», - деп хабарлайды қала әкімдігі.
«Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қаруға қарсы әлемнің көшбасшысы» көрмесіне 5 тақырыптық блок енгізілген. Онда өте маңызды бейне және фотоқұжаттар топтастырылған. Олардың кейбірі алғаш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр.
«Көрме 1991 жылдың 29 тамызындағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей сынақ полигонын жабу туралы» Қаулысына қол қоюдан бастау алған Қазақстанның ядролық қарусыздану процесінің күрделі кезеңдерінен хабар береді. 1995 жылдың сәуір айында Қазақстаннан ядролық зымыран шығарылып, мамыр айында Делеген алаңында ядролық зарядтың соңғы жарылысы жасалды. Алайда, Қазақстанның қарусыздануы Қазақстан Президентінің әлемдегі ядролық қарудан бас тарту мен бейбітшілікке шақырудағы жұмыстарының тек басы ғана еді», - дейді ҚР Президенті мұрағатының директоры Борис Жапаров.
«Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қаруға қарсы әлемнің көшбасшысы» көрмесі Семейден кейін Алматыға сапар шегеді, ал Тәуелсіздік күні Астанаға ат басын бұрады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды