СҚО-да 8,7 млрд теңгенің элеваторы ашылды

15 Қыркүйек, 2014 09:01
Солтүстік Қазақстан облысында құны 8,7 млрд теңге тұратын элеватор ашылды.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, «ХПП ТНС — Экспорт» астық қабылдау пунктi бәсекеге толық қабiлеттi өндiрiс. Элеватор сағатына 600, жылына, тәулiгiне 10 мың тонна астық қабылдауға қауқарлы. Iшiндегi құрылғылардың белгiлi бөлiгi ғана Америкадан жеткiзiлген демесеңiз, қалғаны толығымен қазақстандық құрылғылармен жабдықталған.

Жаңа нысанның бой көтеруiмен жиналғандарды құттықтаған облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов мұндай элеватордың ашылуы бiздiң астықты өлке үшiн маңызды оқиға екендiгiн атап өттi.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақ — аграрлық секторда, әсiресе, шағын және орта бизнес түрiндегi жаңа өңдеу кәсiпорындары желiсiн құруда»,- деп атап өттi. «ТНС-Экспорт» астық қабылдау пунктi осы саладағы бәсекеге толық қабiлеттi өндiрiс орны деп айта аламыз. Элеватор сағатына 600 тонна астық қабылдай алады. 96 адамға жұмыс орны ашылып отыр.Бұл нысан облыстың экономикалық дамуына елеулi үлес қосатындығына сенiмдiмiн», — дедi өңiр басшысы өз құттықтауында.

Серiктестiктiң жалпы аумағы 15 гектар. Құйылған инвестиция көлемi 8,7 млрд теңге. Оның 21 млн теңгесi мемлекеттiк «Бизнестiң жол картасы» бағдарламасы аясында бөлiнiптi. Құрылысы 2012 жылы басталған нысанның бой көтеруiне 250 адам жұмылдырылған.

Астық қабылдау пунктiнiң жанында орналасқан жанама нысандардың барлығы күн сәулесiнен қуат алады. Бұл электр жылуын үнемдеу мақсатында жасалған. Айталық, ескi элеваторлар сағатына 500 кВт жылу қажет етсе, жаңа нысан бұл көрсеткiштi 3–4 есеге төмендетедi деп көзделген.

 

Барлық жаңалықтар