• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР 2013 жылдың 8 айында Дәрі-дәрімектің ақпараттық орталығының көмегіне 18 мыңнан астам адам жүгінген

ҚР 2013 жылдың 8 айында Дәрі-дәрімектің ақпараттық орталығының көмегіне 18 мыңнан астам адам жүгінген

16 Қыркүйек, 2013 11:25
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша ҚР 2013 жылдың 8 айынан бері Дәрі-дәрімектік ақапарат орталығының көмегіне 18 мыңнан астам адам жүгінген және бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% жоғары.

«2013 жылдың 8 айынан бері Дәрі-дәрімектің ақапарат орталығының көмегіне 18 мыңнан астам адам жүгінген және бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% жоғары. ДДАСО хабарласқан әрбір бесінші Астана қаласының тұрғыны. Сонымен қатар Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары да белсенділік танытуда», - делінген орталықтың хабарламасында. 

Берілген ақпараттарға сүйенсек, түскен барлық өтініштің 52% дәрілік препараттарды қолнуға тікелей қатысты екен. 
Сондай ақ, тегін медициналық қызметтің кепілді көлеміне қандай препараттардың кіретінін білгісі келгендердің саны 17%. Дәрімекті айырбастау мәселесі әлі де өзекті болып қала беруде - 9%. Дәрімектердің дәлелденген тиімділігі туралы ақпаратпен қызығатындар - 4%. (17% қалғандары).

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «РДСДО» РММ Дәрі-дәрімектің ақпараттық сараптама орталығы Астанада 2009 жылдан және 2011 жылдың соңынан бері еліміздің барлық өңірлерінде  қызмет етеді. ДДАСО негізгі қызметі халыққа ТМҚКК шеңберінде дәрілік заттармен тегін қамтамасыз ету бойынша дәлелденген медицинаға негізделген толық ақпарат беру болып табылады.  

Барлық жаңалықтар