- Басты
- Жаңалықтар
- 443,6 млн теңге көлеміндегі субсидия несиелерді арзандатуға жұмсалады
443,6 млн теңге көлеміндегі субсидия несиелерді арзандатуға жұмсалады
«Биыл ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің несие мен лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату бағдарламасына қатысуға үміт білдірген 489 қарызгердің (605 несие/лизинг шарты) өтінімі мақұлданды. Бұл өтінімдерге сай отандық ауылшаруашылық кәсіпкерлерінің несие мен лизингісін арзандатуға 443,6 млн. теңге көлеміндегі субсидия бөлінді», - делінген хабарламада.
Субсидиялау шарттарына келер болсақ, 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы биыл екінші рет іске асырылуда. Бұл қолдау шарасы «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қолданысқа енгізілген.
«Қазагромаркетинг» АҚ агрокешен субъектілерінің несие-лизингтерін арзандату бағдарламасының операторы қызметін атқарады. Компанияның міндеті - қаржы институттарынан агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің кредит/лизинг шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау үшін өтінімдер мен құжаттарды қабылдау.
Субсидиялау бағдарламасына меншік түріне қарамастан ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін және/немесе қайта өңдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар, оның ішінде фермерлік/шаруа қожалықтары, сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерін сату, тасымалдау, сақтау, дайындау бойынша қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Бағдарламаға қатысамын деуші барлық қарызгерлер несие алған екінші деңгейлі банктерге және лизингтік компанияларға өтініш беруі тиіс.
Бағдарлама шарттарына сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі теңгеде жылдық 14%-дан және шетелдік валютада жылдық 10%-дан аспайтын лизинг пен кредиттер субсидияланады.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды