- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған патриоттық шара өтіп жатыр (ФОТО)
Астанада Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған патриоттық шара өтіп жатыр (ФОТО)
Аталған шара интернационал-жауынгерлердің бастамасымен, ҚР Қорғаныс министрлігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде өтіп жатыр.
Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық ардагерлер ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Б.Е.Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.М.Әбдіров, Бас штаб бастығының орынбасары, ҚР Қарулы күштер Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы М.К.Таласов, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі М.Н.Бочарников және басқалар қатысып отыр.
«Алматыдан бастау алған автожарыс Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы аумағынан жүріп өтеді, жолда Бішкек, Астана, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Орынбор, Самара, Мәскеу қалаларына тоқтайды. Шара барысында Ұлы Отан соғысына қатысушылармен, Ауған соғысының ардагерлерімен, шетелде өмір сүріп жатқан біздің отандастарымызбен кездесулер өткізіледі, оқу мекемелерінде болып, патриоттық шаралар ұйымдастырылады, музейлерді көріп, екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан совет солдаттары жатқан жерлерге гүл шоқтары қойылады. Біздің жерлестеріміз жатқан жерден топырақ алынып, қазақстандық аңыз қаһармандарына ескерткіш орнатылған жерге апарылып қойылады», - деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
Шараға басшылық ету ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық Қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа, автожарысқа басшылық ету интернационалист-жауынгер, запастағы генерал-майор Марат Марденовке жүктелді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр