- Басты
- Жаңалықтар
- Өскемен қаласындағы 56 мүгедекке қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсетілді
Өскемен қаласындағы 56 мүгедекке қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсетілді
«Демократиялық, азаматтық қоғамда адамдар ешқандай да ерекшеліктеріне қарамастан бөлінбеуі керек. Ал денсаулығы тұрғысынан тіпті ерекшеленбеуі тиіс. Сонымен қатар сеніміне қарай да бөлінуге болмайды. Баса айта кетерлігі, аталмыш шарада ешкімнің де сенім мен діни ұстанымдарына көңіл аударылмады», - дейді ШҚО әкімі мешітте шараға қатысушылармен кездесу барысында.
Естеріңізге сала кетейік, облыстың орталық мешіті Құрбан айт мерекесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Осылайша ауыр еститін 15 азаматқа арнайы компьютер табысталса, мүмкіндігі шектеулі тағы 10 кісіге арба сыйланды.
Акция идеясын қолдау отырып облыс әкімдігі әлеуметтік маңызды шараның ауқымын кеңейте түсті. Акцияның соңында облыс орталығында жалпы саны 56 адамға көмек көрсетіліп, игі бастама аудан орталықтарында да жалғасын табады деп келісілді. Енді эстафета Семей қаласына табысталды.
Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында 57 мыңдай мүмкіндігі шектеулі адамдар өсір сүріп жатыр.
Айта кету керек, аталмыш шараға Өскемен студенттерінен құралған еріктілер тобы көп көмек берді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті