- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Татарстан Республикасы күндері аясында Сабантой мерекесі өтеді
Астанада Татарстан Республикасы күндері аясында Сабантой мерекесі өтеді
Осыған орай Қазақстан астанасына ресми тұлғалар, іскерлік және білім беру салаларының өкілдері бастаған Татарстан делегациясы келеді.
Сапар барысында Татарстаннан келген делегация қаланың өндіріс орындарын аралап, бизнес-форум жұмысына қатысады. Сондай-ақ, қонақтар Қазақстанның татар диаспорасы өкілдерімен кездеседі.
Бұған қоса, Бейбітшілік және Келісім сарайында Татарстан өнер шеберлерінің гала-концерті өткізіліп, сол жерде фотокөрме және ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Бұл күндері Астанада татарлардың ұлттық мейрамы Сабантой тойланып, шара барысында Татарстанның өндірістік және ауылшаруашылық әлеуетін көрсететін көрмелер ұйымдастырылады.
Сабантой кезінде күрестен жоғары салмақта Қазақстан чемпионаты, сондай-ақ, Қазақстан мен Татарстан командалары арасындағы матчтық кездесу өтеді. Жауыры жерге тимеген жеңімпаз балуан жеңіл көлікке ие болады.
Той барысында бұдан басқа, халықтық ойындардың 13 түрінен жарыстар өткізіледі.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді